Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері ҮЕҰ өкілдеріне алғыс білдірілді

Бүкіләлемдік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент басшысы азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігі, кәсібилігі және әлеуметтік жауапкершілігі ерекше құрметке лайық екенін атап өтті. Ол өз сөзінде бірлесіп атқарылған нәтижелі жұмыстар үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да өзара серіктестік байланыстар нығая түсетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен түрлі семинарлар, түсіндіру кездесулері, тәрбиелік және мәдени іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Аталған жұмыстар сотталған азаматтардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға, олардың өмірлік ұстанымдарын өзгертуге және заңға бағынатын, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етуде.

Үкіметтік емес ұйымдардың қоғам игілігі жолындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланып, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тетігі болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру