Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізілді

"Қауіпсіз шағын аудан" пилоттық жобасын іске асыру аясында Екібастұз қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоба "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында жүзеге асырылып, қауіпсіз әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Ерекше назар ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ полиция, кәсіпкерлер мен шағын аудан тұрғындары арасында тікелей диалог орнатуға аударылуда. Сонымен қатар жұмыс нақты әрі өлшенетін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған "Айқын нәтиже" бастамасы шеңберінде жүргізілуде.

Рейд барысында аулалар, тұрғын үйлердің кіреберістері, шағын және орта бизнес нысандары, оның ішінде азық-түлік дүкендері мен қадамдық қолжетімді сауда орындары тексерілді.

Рейдтік іс-шараларға Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары Талғат Бектасов қатысты. Ол аулаларды және кәсіпкерлік нысандарын аралап, қазіргі ахуалмен танысты, заңдылықтың сақталуы мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов те рейдтік шараларға жеке өзі қатысты. Ол шағын ауданды аралап, сауда нысандарына барды, кәсіпкерлермен және тұрғындармен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Тексеру барысында бірқатар сауда дүкендеріне бейнебақылау камераларын орнату және олардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша ескертулер жасалды. Кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндіріліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар берілді.

- Біздің міндетіміз — құқық бұзушылықтарға тек әрекет ету ғана емес, олардың алдын алу. Қауіпсіздік ауладан, подъезден, үй жанындағы дүкеннен басталады. Біз халықпен ашық әрі бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет. Азаматтардың белсенді ұстанымы мен полиция және қоғам арасындағы тығыз өзара іс-қимыл болған жағдайда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз, — деп атап өтті Төлеген Құдайбергенов.

Екібастұзда "Қауіпсіз шағын аудан" пилоттық жобасын іске асыру жалғасады. Мұндай рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, қамтылатын аумақтар кеңейтіледі. Бұл қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі көзқарасты қамтамасыз етіп, қала тұрғындары үшін жайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру