Абай облысында полицейлер 100-ге жуық оқушыға жол ережесін түсіндірді
Абай облысында патрульдік полиция қызметкерлері 100-ге жуық оқушыға жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №51 мектептің бастауыш сыныптың 100-ге жуық оқушысына жол қозғалысы ережелері бойынша профилактикалық сабақ өткізді.
Кездесу барысында полицейлер балаларға жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын түсіндіріп, жолды қауіпсіз кесіп өту қағидаларын, жол белгілерінің және бағдаршам сигналдарының маңызын еске салды. Жолда мұқият болу мен тәртіпті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара интерактивті форматта өтті: оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша білімдерін көрсетті.
Осындай профилактикалық кездесулер балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануын азайтуға және өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Полиция ата-аналарды балаларға жол қозғалысы ережелерін күн сайын еске салып отыруға және жолда заңға бағынудың үлгісін көрсетуге шақырады.
