Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 8 наурыз қарсаңында тағылымды кездесу өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Казақстан- Американдық еркін университетінің студенттерімен "Қоғамдағы іскер әйелдердің рөлі" тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге ІІМ ардагері Бакытгүл Қалиева, Шығыс Қазақстан облысы ШҚО ПД КПБ басқармасының аға жедел уәкілі Татьяна Карпова  және кәсіпкер, "Траектория" әйелдер клубының негізін қалаушы Анастасия Масалимова  қатысты.

Әр спикер өз өмір жолы мен кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, қызмет барысында кездескен сынақтар мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Әсіресе, тәлімгерлік пен ұрпақтар сабақтастығы, әйел адамның қоғамдағы орны мен жауапкершілігі кеңінен сөз болды.

Кездесу студенттер үшін үлкен тағылым болды. Қатысушылар қызметтегі табандылық, адалдық пен кәсібиліктің маңызын терең түсініп, қоғамдағы әйел-полицейлердің рөліне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру