Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қаруды сақтау мен бақылаудың жаңа ережелері бойынша брифинг өтті

ШҚО-да қаруды сақтау мен бақылаудың жаңа ережелері бойынша брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде азаматтық және қызметтік қару айналымы туралы заңнамадағы өзгерістерге арналған брифинг өтті.

Журналистер алдында ШҚО ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Орал Рыспаев сөз сөйледі. Ол "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау туралы" ҚР Заңындағы негізгі жаңашылдықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Енгізілген түзетулер қару иелерінің құқықтары мен міндеттері, қаруды сақтау шарттары, рұқсат қағаздарының қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату негіздері мен мемлекеттік бақылау шараларын нақтылайды.

Атап айтқанда, азаматтық және қызметтік ойық ұңғылы қару иелері енді оны белгіленген тәртіппен бақылау мақсатында атуға ұсынуға міндетті.

Брифинг барысында журналистер барлық қажетті түсініктемелерді алып, жаңа ережелер туралы ақпаратты аймақ тұрғындарына кеңінен жеткізуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру