Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жұмысқа орналасуға көмектесемін": Абай облысында алаяқтық фактісі ашылды

Аягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сеніп, жарты млн теңгеге жуық қарызға батты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефонын пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі шамамен – 500 мың теңге.

Жәбірленуші атына несие рәсімделгенін кейінірек білген. Полицияға жүгінгеннен кейін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталды. Оның әрекеті алаяқтық бабы бойынша сараланды.

Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру