Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтті 

Жетісу облысы полиция департаментінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың алғашқы отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға өңірлік штаб басшысының орынбасары Марлен Көлбаев төрағалық етті.

Бұл бағыттағы негізгі рөл полицияға жүктелген. Тәртіп сақшылары есірткі тарату арналарының жолын кесіп, есірткі өндіретін зертханалардың қызметін әшкерелейді. Сондай-ақ күдіктілерді дереу анықтап, ұстайды.

Кеңес барысында есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары, оның ішінде зертханаларды жою, қоймалар мен жасырын орындарды анықтау, синтетикалық есірткі өндіруге пайдаланылатын құрал-жабдықтар мен прекурсорларды жою мәселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Марлен Көлбаев профилактикалық жұмысты күшейтуді, жастарды салауатты өмір салтына белсенді тартуды және ақпараттық-түсіндіруді кеңейтуді тапсырды.

Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларын күшейтуге, есірткі тарату арналарына мониторинг жүргізуге және заңсыз интернет-контентті бұғаттауға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру