Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігі талқыланды

17 наурыз күні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында сауда, қызмет көрсету және туризм кеңесінің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға кеңес мүшелері, сала өкілдері және жауапты мекемелердің қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында терроризм қатерінің алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері қаралды. Отырысқа Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі А.Досмаил, ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығының қызметкері, сондай-ақ Қызылорда облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Н.Жалғасбаев қатысты.

Жиын барысында Н.Жалғасбаев террористік тұрғыдан осал объектілерге, оның ішінде ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен ішкі сауда нысандарына қатысты терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруда күзет қызметінің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелер бойынша ашық диалог жүргізді. Отырыс қорытындысы бойынша қауіпсіздікті күшейту және өзара іс-қимылды арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру