Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлерге қызметтік автокөліктер табысталды

Жетісу облысында ПД жеке құрамы, ведомство басшылығы, Ұлттық ұлан қызметкерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысқан салтанатты гарнизондық саптық жиын өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара қызметтегі мамандар мен өмірін осы салаға арнаған ардагерлерді біріктіріп, тәртіптің және антқа адалдықтың айқын көрінісіне айналды.

Саптық жиынның басты оқиғасы – Жетісу облысының барлық бөлімшесіне арналған қызметтік автокөліктерді табыстау болды. Автопаркті жаңарту – өңір полициясының материалдық-техникалық базасын нығайтудың маңызды қадамы.

Полиция қызметкелері үшін қызметтік автокөлік – жай ғана көлік құралы емес. Бұл – жеделдік пен ұтқырлық, оқиға орнына уақытылы жету, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету, шалғай елді мекендерде профилактикалық жұмыстар жүргізу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі. Жетісу облысының аумағы кең болғандықтан, заманауи техниканың болуы қызмет тиімділігінде шешуші рөл атқарады.

Сап алаңында ерекше ұйымшылдық атмосферасы орнады: полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан жауынгерлері мен ардагерлер иық тіресе сап түзеп, өз тәжірибесін жас буынға жеткізудің үлгісін көрсетті.

Облыстың бас полицейі Сарқытбай Құсаинов жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін жеке құттықтап, олардың жоғары кәсібилігі мен күрделі жағдайларда әрекет етуге дайын екенін атап өтті.

— Бұл саптық жиын – біздің бірлігіміз бен қызметке дайындығымыздың айғағы. Табысталған техника бүкіл облыс игілігі үшін қызмет етіп, азаматтардың қауіпсіздігін бұрынғыдан да жедел әрі тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің күшіміз – бірлікте, жауапкершілікте және антқа адалдықта, — деді ол.

Бұл гарнизондық саптық жиын тек салтанатты рәсім ғана емес, сонымен қатар қызметтің дамуына бағытталған маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру