Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда есірткі қылмысы анықталды

Ақтауда есірткі қылмысы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

11 наурызда Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Іс-шара барысында шетел азаматы ұсталды. Тінту және тексеру кезінде одан синтетикалық есірткі заты — мефедрон (30 грамм) тәркіленіп, сондай-ақ ұялы телефондар айғақ зат ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру