Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның жас көмекшісі дропперлік туралы жаңа бейнеролик дайындады

Алматы қаласында интернет-алаяқтықтың және азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11-сынып оқушысы Платон Рыхликовтың тұрақты түрде профилактикалық бейнероликтер әзірлеуге бастамашы болып келеді.

Кезекті бейнеролик дропперлік тақырыбына арналған. Яғни азаматтарды, оның ішінде жасөспірімдерді, қылмыстық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған заңсыз схемаларға тарту мәселесі қамтылған. Автор бейнероликте банктік карталар мен жеке деректерді үшінші тұлғаларға берудің ауыр құқықтық салдары болуы мүмкін екенін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіреді.

Алматы қаласының полиция департаменті Платон Рыхликовқа азаматтық көзқарасы және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру