Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда есірткі құқық бұзушылығының жолы кесілді

21 наурызда Маңғыстау облысы полиция департаментінің ЕҚҚІҚБ, ЖҚАЖ және КҚО қызметкерлерімен Ақтау қаласы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шаралар нәтижесінде тұрғын үй-жайлардың бірінде есірткі заттарын заңсыз дайындау, сақтау және оны тасымалдап жүру, есірткі тұтынуға притон ұйымдастыру күдігімен 43 жастағы азамат ұсталды.

https://youtube.com/shorts/DdJblzfb3n4манг

Күдіктінің жеке басына жүргізілген тінту барысында шприцке құйылған шамамен 8 мл сұйықтық (алдын ала болжам бойынша опий), ерекше иісі бар өсімдік тектес зат (алдын ала болжам бойынша марихуана), сондай-ақ ұялы байланыс құралы тәркіленді.

Сонымен қатар тұрғын үй-жайына жүргізілген тінту барысында есірткі заттарын тұтынуға арналған құралдар мен пайдаланылған медициналық бұйымдар анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша тәркіленген заттарға сот-сараптамасы тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру