Қарағанды облысында полиция қызметкерлеріне арнайы оқу курстары ұйымдастырылды
Қарағанды облысында полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында "Мобильді академия" жобасы аясында арнайы оқу курстары ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Мобильді академия" бағдарламасы аясында ведомство базасында қоғамдық қауіпсіздік және әкімшілік полицияның аумақтық бөліністерінің басшылары оқытудан өтіп жатыр.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары өзекті білім мен озық тәжірибелерімен бөлісуде.

Оқу бағдарламасының негізгі бағыты — қылмыстық және заңнамадағы соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтарды зерделеу. Тыңдаушылар күнделікті қызметіне тікелей әсер ететін жаңашылдықтарды жан-жақты талқылап, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиімді орындау дағдыларын жетілдіреді. Сонымен қатар заңнамалық нормаларды тәжірибеде қолдану және туындауы мүмкін құқықтық қайшылықтарға ерекше назар аударылады.
Құқықтық бағытпен қатар, оқу үдерісінде қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын дамытуға да басымдық берілген. Стресті басқару, күрделі жағдайларда тиімді қарым-қатынас орнату және азаматтарға психологиялық қолдау көрсету дағдыларын жетілдіруге арналған тренингтер өткізілуде. Бұл сабақтар жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын нығайтып, жауапты міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді.

