Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын күшейтті

Павлодарда полицейлер еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында учаскелік полиция инспекторлары интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, тұрғындармен кездесулер ауқымын кеңейтті. Енді түсіндіру шаралары тек аулаларда ғана емес, коммуналдық базарларда және кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында да жүргізілуде.

Адамдар көп шоғырланатын орындарда полицейлер ақпараттық буклеттер таратып, киберқылмыскерлердің айласына түспеу жолдарын көрнекі түрде түсіндіруде. Әсіресе алаяқтықтың жаңа тәсілдеріне, жеке деректерді қорғауға және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларына ерекше назар аударылуда.

— Мұндай кездесулердің басты мақсаты — азаматтардың қырағылығын арттыру және алаяқтардың айла-шарғыларын дер кезінде танып-білуге үйрету. Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беру жеке қызметкер үшін де, тұтас ұйым үшін де елеулі қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Алдын алу жұмыстары мекеме қызметкерлерін ғана емес, олардың отбасы мүшелерін де қорғауға ықпал етіп, тұрғындар үшін қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға негіз болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру