“Таза Қазақстан” акциясы: Астанада 87 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды
Астанада 87 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордадағы санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында Астана қаласы полиция департаменті “Таза Қазақстан” акциясын өткізуде.
Акция басталғаннан бері қоқысты заңсыз төгу, ортақ пайдалану орындарын ластау және абаттандыру ережелерін бұзудың өзге де фактілері бойынша 87 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Тәртіп сақшылары күн сайын рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастау орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп, қоқыс пен кәріз суларын белгіленбеген жерлерге төгетін адамдарды анықтау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Акция басталғаннан бері 750-ге жуық жүк көлігі мен ассенизатор көлігінің жүргізушілері жауапқа тартылды.
Мәселен, Бейбарыс сұлтан көшесіндегі 2 құрылыс компаниясының иесі абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті елордалықтарды табиғатты қорғауға, санитарлық талаптарды сақтауға және қаламыздың экологиялық мәдениетін арттыруға үлес қосуға шақырады.
