Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу қызметі күніне орай спорттық сайыс өтті

Тергеу қызметі күніне орай арнайы спорттық іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайысқа ІІМ Тергеу, Әскери тергеу, Жедел-криминалистикалық, Заң және норма шығармашылығын үйлестіру департаменттерімен қатар Басқару академиясының командасы қатысты. Одан бөлек, жарыста Астана қаласы полиция департаменті мен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері бақ сынады.

Командалар шағын футболдан, волейболдан, үстел теннисі, гір тасын көтеру және арқан тартудан сынға түсті. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Көліктегі полиция департаментінің, екінші орынды Астана қаласы полиция департаментінің, үшінші орынды ІІМ Басқару академиясының командалары иеленді.

Спорттық сайыс ұжымдық рухты көтеріп, командаларға жаңа серпін мен шабыт сыйлады. Мұндай жарыстар тек дене шынықтырып қана қоймай, бірлікті нығайтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру