Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында үздік тергеушілер марапатталды

Жетісу облысы ПД-да Тергеу күні аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке құрамды ПД бастығының орынбасары Руслан Чарапиев құттықтады. Ол тергеушілердің жұмысы күнделікті адам тағдырына әсер ететін шешімдер қабылдаумен және азаматтардың құқықтарын қорғаумен тікелей байланысты екенін атап өтті.

— Тергеу — әділдіктің негізі. Сіздер ақиқатты анықтап, азаматтардың құқықтарын қорғайсыздар және қоғамның заңға деген сенімін нығайтасыздар, — деді ол.

Мереке кезінде тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері адал қызметі мен кәсібилігі үшін ведомстволық марапаттар мен медальдармен марапатталды.

Тергеушілердің жұмысы жоғары жауапкершілік пен үздіксіз еңбекті талап етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру