Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтіліп жатыр

Қызылорда облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың түрлері көбейіп, оның ауқымы күн сайын кеңеюде. Әлеуметтік желілер мен түрлі интернет ресурстарын пайдаланатын алаяқтардың әрекетінен зардап шегіп, қаржылық шығынға ұшыраған азаматтар саны артып отыр.

Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында қала аумағында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері сауда орындары мен адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тұрғындарға арнайы жадынамалар таратып, интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері мен одан сақтану жолдарын түсіндіруде.

Тәртіп сақшылары азаматтарды сақ болуға шақырады және келесі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады:

Жеке деректерді (ЖСН, банк картасының нөмірі, SMS-кодтар) бөгде адамдарға бермеу;
күмәнді сілтемелер мен жалған ұсыныстарға сенбеу; белгісіз нөмірлерден келіп түскен қоңырауларға сақтықпен қарау.

Кез келген күмәнді жағдай туындаған жағдайда азаматтарға дереу "102" арнасына хабарласу ұсынылады.

Құқық қорғау органдары интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру