Қызылордада полицейлер "Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалықтың кепілі" іс-шарасы аясында студенттермен кездесті
Қызылордада полицейлер "Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалықтың кепілі" іс-шарасы аясында студенттермен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі заманда құқықтық сауаттылық – әрбір азамат үшін маңызды талаптардың бірі. Жастардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын сақтауы – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі.
Осы мақсатта Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері "Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалықтың кепілі" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі мен С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру. Кездесу барысында жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сталкинг пен буллинг, қаржылық сауаттылық, дропперлік, интернет-алаяқтық, есірткі айналымы, сондай-ақ лудомания (ойынқұмарлық) мәселелері кеңінен қамтылды.
Полицейлер студенттерге құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың салдары, заң талаптарын сақтау, өз құқықтарын білу және оларды қорғаудың маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері мен олардан сақтану жолдары баяндалды.
Кездесу аясында киберқылмыстың негізгі түрлері, интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық схемалар, сондай-ақ жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау тәсілдері туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай форматтағы кездесулер ақпаратты тиімді жеткізуге және тыңдаушылардың оны жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды қаладағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде өткізу жоспарлануда.
