Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ПД бастығы ауыл тұрғындарымен кездесті

Жетісу облысында полиция мен халық арасындағы ашық байланыс нақты нәтижесін беруде. Еңбек ауылында өткен кезекті кездесу барысында тұрғындардың бірқатар мәселесі сол жерде шешімін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ашықтық пен халықпен тікелей диалог – Жетісу облысы полициясының басты қағидаттарының бірі. Өңірдің бас полицейі Сарқытбай Құсаинов дәстүрге сай әрбір учаскені, елдімекенді аралап, тұрғындарды жеке қабылдап, жағдайды өз көзімен бақылауды жалғастырып келеді.

Осындай кезекті кездесу бүгін Еңбек ауылында өтті. Ашық форматта өткен жүздесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын, ұсыныстары мен мәселелерін тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. Олардың бірқатары сол жерде, артық рәсімдерсіз және күтусіз шешімін тапты.

Кездесу барысында жүйелі мәселелерге ерекше назар аударылды. Көтерілген барлық мәселе мұқият тіркеліп, Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаевқа нақты тапсырмалар берілді. Әрбір өтініш бойынша тұрғындарға толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге азаматтық қоғамның белсенді өкілдері — блогер @optimist.hafiz пен журналист Сандуғаш Дүйсенова да қатысты. Олар көтерген мәселелер халықты алаңдататын өзекті тақырыптарды қамтыды. Мұндай азаматтық ұстаным қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

— Полиция халыққа тек қызмет арқылы ғана емес, диалог арқылы да жақын болуы тиіс. Біздің міндетіміз — әрбір азаматты тыңдап, формалды емес, нақты әрекет ету, — деп атап өтті Сарқытбай Құсаинов.

Мұндай кездесулер қолжетімді полиция қағидатының жай сөз емес екенін көрсетеді. Бұл — Жетісу облысының барлық елді мекенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен халық сенімін нығайтуға бағытталған нақты жұмыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру