Талдықорғанда студенттерге арналған профилактикалық сабақтар өтті
Талдықорғанда студенттерге арналған профилактикалық сабақтар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласында жастардың жол қауіпсіздігі мәдениетін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері агротехникалық колледж студенттерімен арнайы профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында электрлі скутерлерді, электронды велосипедтер мен мотоциклдерді қауіпсіз пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Соңғы уақытта бұл көлік түрлерінің кеңінен таралуы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін бұрынғыдан да өзекті етіп отыр.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне тоқталып, олардың қатарында ережелерді білмеу, немқұрайлылық, шамадан тыс өзіне сенімділік және жеке қауіпсіздікке салғырт қарау бар екенін атап өтті. Сондай-ақ студенттерге қорғаныс құралдарын, әсіресе дулыға пайдаланудың маңыздылығы, қараңғы уақытта қозғалу кезіндегі қауіптер жан-жақты түсіндірілді.
Жастардың назарын жеке ұтқырлық құралдарымен жолаушыларды тасымалдаудың қауіптілігіне аударуға ерекше мән берілді. Мұндай әрекеттердің көп жағдайда жол-көлік оқиғалары мен түрлі жарақаттарға әкелетіні айтылды.
Полиция қызметкерлері өз сөзінде жолдағы қауіпсіздік тек ережелерді сақтау ғана емес, әрбір қатысушының жеке жауапкершілігі екенін ерекше атап өтті.
- Бір ғана қателік немесе бір сәттік немқұрайлылық ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, – деді олар.
Мұндай профилактикалық шаралар жас ұрпақтың жолдағы тәртіп мәдениетін қалыптастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға елеулі ықпал ете
