Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тыныштық режимін бұзғандарға шара күшейтілді

Елорда аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету бағытында полиция қызметкерлері жүйелі түрде жұмыс атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау органдары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тыныштық режимін сақтау қажеттігін тұрақты түрде ескертеді. Мұндай шаралар құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Жыл басынан бері тыныштықты бұзу фактілері бойынша 9 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Мәселен, таңғы сағат 05:00 шамасында Тұран даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде 22 жастағы азаматтың тұрғындардың тыныштығын бұзғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша ол Қазақстан Республикасы құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда және тұрғын үйлерде белгіленген тыныштық режимін сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру