Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көші-қон қызметінің жұмысы қорытындыланды

Биылғы жылдың алғашқы үш айында көші-қон қызметі бөлімшелері 12 бағыт бойынша 30 919 мемлекеттік қызмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі көші-қон бағыты аясында Қазақстан Республикасы азаматтарына 25 815 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 25 551 паспорт пен жеке куәлік берілді.

Сыртқы көші-қон саласында шетел азаматтарына 5 104 мемлекеттік қызмет ұсынылды. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға 2 404 шетел азаматы мен азаматтығы жоқ тұлғаға рұқсат берілді.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 501 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 351-і — шетел азаматтары, 150-і — Қазақстан Республикасы азаматтары. Негізгі құқық бұзушылықтар — тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыру және ел аумағында болу мерзімін бұзу.

Сонымен қатар сот шешімдерімен 74 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Көші-қон қызметі көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып, азаматтар мен шетелдіктерді ел аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру