Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысындағы мектепте есірткіге қарсы іс-шара өтті

Жетісу облысындағы мектепте есірткіге қарсы іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысындағы №10 орта мектепте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың құқықтық салдарын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізді. Сонымен қатар есірткінің адам денсаулығына, болашағына және әлеуметтік өміріне тигізетін зиянына ерекше назар аударылды.

Іс-шараның әсерлі сәттерінің бірі — кинолог мамандардың көрсетілімдері болды. Қызметтік иттер есірткі заттарын анықтау дағдыларын көрсетіп, құқық қорғау органдарының қылмыспен күрестегі тиімді жұмысын көрнекі түрде паш етті.

Осындай профилактикалық шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда және жастардың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

— Жас ұрпақпен жүйелі жұмыс жүргізу — қауіпсіз болашақтың кепілі. Біздің басты мақсатымыз — әрбір жасөспірімге ойланбай жасалған бір ғана қадамның өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру. Сондықтан алдын алу шараларына және ашық диалогқа ерекше мән береміз, — деп атап өтті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру