Павлодарда "Мал ұрлығына жол жоқ" іс-шарасы аясында малды қараусыз жаю дерегі тоқтатылды
Павлодарда "Мал ұрлығына жол жоқ" іс-шарасы аясында малды қараусыз жаю дерегі тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында мал ұрлығының алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған "Мал ұрлығына жол жоқ" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
"Павлодарда "Мал ұрлығына жол жоқ" іс-шарасы аясында малды қараусыз жаю дерегі тоқтатылды"
Аталған іс-шара аясында Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау қағидаларын бұзу дерегін анықтап, оның жолын кесті. Атап айтқанда Кенжекөл ауылының Желтоқсан көшесі маңында қараусыз жайылып жүрген ұсақ мал табылды.
Аталған дерек бойынша мал иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Полиция өкілдері қараусыз жайылған мал жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін екенін, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтарға жол ашатынын ескертеді.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаудың белгіленген қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Бұл талаптарды орындау — әрбір меншік иесінің міндеті.
