Қазақстан полицейі жауынгерлік самбодан әлем кубогының жүлдегері атанды
Қостанай облысы ПД қызметкері Ереванда өткен жауынгерлік самбодан әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің ЖҚАЖ инспекторы Жалғас Жұмағалиев 11-12 сәуір күндері Арменияның Ереван қаласында өткен әлем кубогына қатысты.
79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жауынгерлік самбо жарысында спортшы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша 2-орынды иеленіп, халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кету керек, Жалғас жауынгерлік самбодан және белбеу күресінен спорт шебері. Сонымен қатар, ол NAIZA лигасында кәсіби жекпе-жек шебері ретінде өнер көрсетеді.
“ARLAN” клубының спортшысы алдағы уақытта да республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен жауынгерлік рухын дәлелдей беретіні сөзсіз.
