Қостанай облысында полиция мен медицина саласының өзара іс-қимылы талқыланды
Қостанай облысында "Заң және тәртіп" қағидаты аясындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Қостанай облысының полиция органдары мен денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері жұмыс кездесуін өткізді.

14 қыркүйекте өткен кездесуде "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңды іске асырудың практикалық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, медициналық куәландыруды ұйымдастыру, азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін қажетті материалдарды ресімдеу, сондай-ақ уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Қатысушылар облыстың қалалары мен аудандарында медициналық куәландыру жүргізу барысында туындайтын мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігі, кадрлық қамтамасыз ету және мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтарды медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Кездесуде полиция қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету тәртібіне де ерекше назар аударылды.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру, рәсімдік мерзімдерді қысқарту және полиция қызметкерлері мен медициналық ұйымдардың тиімді жұмысына кедергі келтіретін ұйымдастырушылық мәселелерді шешу қажеттілігі атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
Сындарлы диалог пен келісілген шешімдер заңнаманы іске асыруда бірыңғай тәсілді қалыптастырып, "Заң және тәртіп" қағидатын одан әрі нығайтуға бағытталған.
