Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция құқық бұзушылық жасаған үш жүргізушіні ұстады

Астана полиция құқық бұзушылық жасаған үш жүргізушіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

SHACMAN жүк көліктерінің үш жүргізушісі анықталды. Олар қалаға кіреберісте автокөлік өткізу бекетіндегі тоқтау туралы талапты елемей, тексерістен жалтару мақсатында бақылау бекетін айналып өткен.

Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде барлық көлік құралдары патрульдік полиция полкі қызметкерлерімен тоқтатылды.

Жүргізушілер полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны үшін жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар жүргізушілердің біреуі сот шешімімен жүргізуші куәлігінің күші тоқтатылғанына қарамастан көлік басқарғаны үшін жауаптылыққа тартылды.

Көлік құралдары коммуналдық мамандандырылған тұраққа қойылды.

Полиция ескертеді: полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау — өрескел құқық бұзушылық болып табылады және қатаң жауапкершілікке әкеп соғады. Құқық қорғау органдарының талаптарын елемеудің кез келген әрекеті дереу тоқтатылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру