Қызылорда облысы ПД-да тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті
Қызылорда облысы полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға департамент басшылығы мен кеңес мүшелері қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – жас полиция қызметкерлеріне кәсіби бағыт-бағдар беру, қызметтік тәртіпті нығайту және моральдық-этикалық нормалардың сақталуына ықпал ету. Кеңес мүшелері, яғни ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері жас мамандарға тәжірибелік көмек көрсетіп, құқық қорғау қызметінің маңызын түсіндірді.
Отырысты Қызылорда облысы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аида Шарипова жүргізді. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылық пен тәртіпті нығайту бағытындағы “Заң мен тәртіп”, “Адал полицей” қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.
— Жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуы – тәжірибелі мамандардың тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан тәлімгерлік институтын дамыту – полиция қызметіндегі сабақтастық пен сапаны арттырудың маңызды тетігі, – деді полиция капитаны Аида Шарипова.
Мұндай кездесулер жас қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп, тәжірибе сабақтастығын нығайтуға зор ықпал етеді.
