Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сырдария аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға құқықтық және профилактикалық бағыттағы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық Жастар ресурстық орталығының, жұмыспен қамту және отбасын қолдау орталығының мамандары, сондай-ақ ерікті азаматтар қатысты.

Кездесу барысында мамандар пробация есебіндегі азаматтарға қазіргі таңда қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі — есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында кеңінен ақпарат берді. Атап айтқанда, қылмыскерлер тыйым салынған заттарды тарату үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданатыны түсіндірілді.

Мамандар есірткіге байланысты қылмыстардың ауыр және аса ауыр санатқа жататынын ерекше атап өтті. Есептегі азаматтарға заң талаптарын сақтау, күмәнді ұсыныстардан аулақ болу және заңсыз әрекеттерге бармау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар кездесу барысында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы да ақпарат берілді. Жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту, әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Іс-шара соңында есептегі азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып сала мамандарынан нақты жауаптар алды .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру