Алматыда марафон кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі
Алматыда марафон кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
19 сәуіріде Алматы қаласында Алматылық жартылай марафон өтеді. Аталған күні полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жүгіру бағыты бойынша жол қозғалысын реттеуді жүзеге асырады.
Іс-шараға байланысты қала көшелерінің бірқатар бөлігінде уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі.
Атап айтқанда, сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейін жабылады. Ал 06:45-тен 09:45-ке дейін осы даңғылдың солтүстік бөлігі Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шектеледі.
07:10-нан 09:05-ке дейін Сейфуллин даңғылы бойында (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) қозғалыс шектеледі. 07:20-дан 09:15-ке дейін Абай даңғылының оңтүстік бөлігінде (Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейін) жабылады.
08:30-дан 10:20-ға дейін Саин көшесінің шығыс бөлігі (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) жабылады. Сонымен қатар 08:50-ден 11:15-ке дейін Абай даңғылының оңтүстік бөлігінде (Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін) қозғалысқа шектеу қойылады.
Алматы қаласында полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, бағыттарын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Қабылданған шаралар марафон қатысушылары мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
