Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдер анықталды

Семей қаласында ювеналдық полиция инспекторлары түнгі уақытта профилактикалық рейд жүргізді. Іс-шара барысында ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген 50-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта қараусыз қалуына жол бермеу. Түнгі мезгілде көшеде жүру балалар үшін түрлі қауіп-қатер тудыруы мүмкін болғандықтан, полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзуға бейім жасөспірімдерге кеңес берді. Сонымен қатар ата-аналармен профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеуге шақырып, ата-аналардың бала қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертеді.

Рейд барысында анықталған жасөспірімдерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру