Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жазасын өтеушілер Қарттар үйінің ауласын абаттандырды

Қызылордада жазасын өтеушілер Қарттар үйінің ауласын абаттандырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

22 сәуір – бүкіл әлемде Халықаралық Жер күні ретінде атап өтілетін маңызды экологиялық мереке. Бұл күн табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны аялауға және жер шарын жасылдандыруға үндейді. Осыған орай Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемеде (қауіпсіздігі барынша төмен) жазасын өтеушілер Қарттар үйінің ауласын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.

Іс-шара барысында олар ағаш көшеттерін отырғызып, аумақты қоқыстан тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл бастама тек экологиялық акция ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайдалы еңбек арқылы олардың оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Мекеме бастығының орынбасары Ернияз Жеңіс:

- Жер күні – табиғатқа жанашырлық танытып, келешек ұрпаққа таза әрі жасыл орта қалдыруға үндейтін ерекше күн. Бүгінгі шараның басты мақсаты – жазасын өтеушілерді еңбекке баулу, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру, – деп атап өтті.

Ал шараға қатысқан жазасын өтеушілердің бірі:

- Бүгін біз ағаш отырғызып, қарттар үйінің ауласын тазаладық. Бұл жұмыс бізге ерекше әсер сыйлады. Табиғатқа пайда келтіріп, үлкендерге көмектескенімізге қуаныштымыз, – деп өз әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, мұндай экологиялық акциялар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру