Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57 мекемеде режимдік аумаққа тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел ақпарат негізінде жедел бөлім қызметкерлері Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірлесіп, мекеме аумағына материал жеткізу үшін кірген автокөлікке тексеру жүргізді.

Тексеру барысында көліктің қосалқы дөңгелегінің ішінен арнайы жасырын орын анықталып, одан тыйым салынған заттар табылды.

Нәтижесінде 3 дана ұялы телефон, 5 дана USB-кабель және 3 дана USB-адаптер тәркіленді.

Заңсыз әрекет дер кезінде тоқтатылып, аталған дерек бойынша тиісті тексеру амалдары басталды.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті режимдік мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз алып кіру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру