Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция бетті толық жабатын киімдерге тыйым барын еске салды

Алматыда полиция тұрғындарға қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полициясы тұрғындарға қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін, бетті толық жабатын киімдерге тыйым салынғанын еске салады.

Бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтарды жедел әрі нақты сәйкестендіруге бағытталған. Мұндай шектеулер құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Полиция өкілдері заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздік ережелеріне түсіністікпен қарауға шақырады.

Ашықтық – тек талап емес, әрбір азаматтың қауіпсіздігінің кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру