Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қызылорда облысында AMANAT партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және “Жастар рухы” ұйымының бөлімше жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке тарту бағытындағы жұмыстар, сондай-ақ жастар арасында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мәселелері қаралды.

Аталған бағыттар бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Бағдат Тлеумбетов баяндама жасап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

Жиын барысында жастарды қолдау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы кешенді шараларды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру