Екібастұзда оқушылардың құқықтық мәдениеті мен қауіпсіздігі талқыланды
Екібастұз полицейлері ортақ мақсат жолында балалар мен ата-аналарды біріктірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласындағы №13 орта мектепте құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қауіпсіздікті нығайтуға арналған маңызды іс-шара өтті. Кездесу "Адал азамат" тұжырымдамасын, "Заң және тәртіп" қағидатын және "Айқын нәтиже" жобасын біріктірді.
Іс-шараның мақсаты — тек ережелерді еске салу ғана емес, жастардың бойында жауапкершілік, заңға және айналасына құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыру. Осы бағытта ерекше назар жеке қауіпсіздік пен жолдағы тәртіп мәдениетіне аударылды.
Іс-шара барысында оқушылар алдында полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов сөз сөйлеп, тәртіп пен заңға құрметтің маңызын атап өтті.
— Тәртіп — заңды құрметтеген жерде ғана орнайды. Бүгінгі әрбір әрекеттерің — ертеңгі қауіпсіз әрі табысты болашақтарыңның негізі, — деді ол.
Сонымен қатар кездесу аясында ата-аналар үшін ашық диалог ұйымдастырылды. Онда буллингтің алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес және жасөспірімдер қылмысының профилактикасы талқыланды. Сарапшылар қауіп-қатерді дер кезінде тану және баланың цифрлық кеңістіктегі эмоционалдық саулығын сақтау бойынша нақты ұсыныстар ұсынды.
Жалпы алғанда, мұндай кездесулер қоғам мен полиция арасындағы сенімді нығайтып, әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
