Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі күшейтілуде

Алматы облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі күшейтілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

24 сәуірде Іле ауданы Байкент ауылындағы №10 мектепте "Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері" тақырыбында кеңейтілген жиын өтті. Басқосуға білім беру саласының өкілдері, мектеп директорлары мен жеке күзет ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында жүргізілген тексерулер нәтижесінде анықталған бірқатар кемшіліктер талқыланды. Атап айтқанда, облыстағы 447 мектептің тек 84-інде ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасалғаны, оның өзінде келісімшарттардың қысқа мерзімді екені белгілі болды. Сонымен қатар дабыл жүйелерін ұйымдастыруда да бірқатар олқылықтардың бар екені атап өтілді.

Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымдары дабыл түймелерімен жабдықталған. Бұдан бөлек, бейнебақылау жүйелерін жаңғыртуға, турникеттерді жөндеуге және нысандарды Жедел басқару орталықтарына қосуға да қаржы қарастырылған.

Жалпы, қабылданып жатқан шаралар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және оқушылар мен педагогтердің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру