Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда түлектерге полиция қызметі кеңінен таныстырылды

Сафи Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінде "Digital Atyrau: From Education to Career in Oil&Gas" өңірлік форумы аясында түлектер жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараға Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, жастармен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өткізді.

Жәрмеңке барысында бос жұмыс орындары ұсынылып, қатысушылардан түйіндемелер қабылданды. Полиция қызметкерлері құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері, жұмысқа қабылдау талаптары мен кезеңдері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар полиция қызметінің артықшылықтары, мансаптық өсу мүмкіндіктері және қызметкерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді.

Іс-шара аясында жастармен жеке сұхбаттар жүргізіліп, олардың сұрақтарына нақты әрі толық жауап берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес алып, болашақ мамандық таңдауға қатысты маңызды мәліметтер алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру