Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полиция заңсыз балық аулау дерегін анықтады

16 сәуір мен 30 мамыр аралығында республика аумағында "Уылдырық шашу" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл кезеңде балықтардың уылдырық шашуы жүреді, сондықтан табиғи қорларды қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау ерекше маңызды.

Семей қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала орталығында қызметтік тексеру жүргізді. Шара барысында ВАЗ-21099 автокөлігі тексерілді, көліктен заңсыз жолмен ауланған 18 келі балық табылды.

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулау, аулар қою және басқа да заңсыз әрекеттерге жол берілмейді. Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды қорғауды басты міндет ретінде белгілеп, әрбір азаматқа заң талаптарын сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру