ШҚО-да криминалистер жұмысының нәтижелері мен құқықтық қағидаттар талқыланды
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесудің негізгі күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Конституциясының заманауи құқық қорғау жүйесін қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Қатысушылар конституциялық нормаларды іске асыру қоғамның полицияға деген сенімін арттыруға тікелей ықпал ететінін және азаматтармен ашық әрі тиімді өзара іс-қимыл орнатудың берік негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

ШҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы Қуат Рахимбердин:
- Заманауи полицияның күші мәжбүрлеуде емес, қоғам сенімінде. Адам құқықтары құқық қорғау органдарының қызметіне кедергі емес, керісінше, тиімді әрі заңды жұмыстың басты негізі болып табылады, – деп атап өтті.
Отырыс барысында қатысушылар жедел-криминалистикалық басқармасының жұмыс нәтижелерімен де танысты. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша криминалистер ауқымды жұмыстар атқарған: 492 оқиға орны қаралып, 410 криминалистикалық зерттеу жүргізіліп, соның нәтижесінде 83 қылмыс ашылған.

Кездесу соңында криминалистикалық бөлімшенің қызметіне оң баға берілді. Қатысушылар азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың, заманауи технологияларды енгізудің және полиция жұмысында заңдылық пен ашықтық қағидаттарын жүйелі түрде дамыту қажеттігін атап өтті.
