Абай облысында мас жүргізушінің жолы кесілді
Абай облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқару дерегін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылардың қатарында электровелосипед жүргізушісі де анықталды.
Тексеру кезінде азаматтың көлік құралын масаң күйде басқарғаны әрі тиісті басқару құқығы жоқ екені белгілі болды.
Айта кету керек, жылдамдығы 40–45 км/сағ-қа дейін жететін және қуаты 400 Вт-тен асатын электровелосипедтер заңнамаға сәйкес мопедтерге теңестіріледі.
Мұндай ережелерді бұзу жүргізушінің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының өзге қатысушыларына да қауіп төндіреді.
Патрульдік полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару және тиісті рұқсатсыз көлік құралын пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын еске салады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
