Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірлік пен дәстүр тоғысқан алаң: СҚО-да полицейлер білім сайысында сынға түсті

СҚО-да полицейлер білім сайысында сынға түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полициясында 20-дан астам этнос өкілдері қызмет етеді. Бұл ортада бір-бірінің салт-дәстүрін білу тек танымдық мәнге ие емес, сонымен қатар қызмет сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында полицейлер өз білімдерін ерекше форматта сынады. Qyzyljar Creative Centre алаңында өткен танымдық викторинада қатысушылар әртүрлі халықтардың дәстүрлерін танып, ұлттық әуендерді ажыратып, блиц-сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар олар командалық жұмыс дағдыларын да көрсетті.

Ұйымдастырушылардың ұлттық киімде келуі шараның мазмұнын байытып, ерекше атмосфера қалыптастырды.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Дегенмен, бұл іс-шарадағы басты құндылық — бәсекелестік емес, қатысушылардың бір-біріне деген шынайы қызығушылығы мен өзара құрметі болды.

Осындай тағылымды кездесулер көпұлтты өңірде өзара түсіністікті нығайтып, полиция қызметінің тиімділігін арттыра отырып, оны қоғамға жақындата түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру