Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция жолдағы қауіптің алдын алды

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіпті тәулік бойы бақылауда ұстауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызмет барысында жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары қаладағы қоғамдық орындардың бірінде құқық бұзушылықты анықтаған. Екі азамат автокөлікте алкогольдік ішімдік ішіп, қоқысты сыртқа тастаған.

Аталған дерек бойынша ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына жолданды. Тексеру барысында құқық бұзушылық мұнымен шектелмей, жүргізушінің мас күйінде рөлге отырып, көлікті жүргізе бастағаны белгілі болды.

Полицейлер көлікті дер кезінде тоқтатып, ықтимал ауыр зардаптардың және жол қозғалысына қатысушыларға төнетін қауіптің алдын алды. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар іс-шара барысында мас күйінде көлік басқарудың тағы 7 дерегі анықталып, олардың жолы кесілді.

Полиция ескертеді: заң талаптарын сақтау – әр азаматтың қауіпсіздігінің кепілі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру