Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

Атырауда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тұран көшесінде Hyundai Accent автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің 2020 жылы көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Полиция ескертеді: Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, көлік басқару құқығынсыз рөлге отырмаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру