Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер бірлік мерекесі аясында тағылымды кездесу өткізді

Ақтөбеде полицейлер бірлік мерекесі аясында тағылымды кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері Достық үйіне барып, мерекелік кездесу өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасып, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысты.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы полиция департаментінде әртүрлі ұлт өкілдері абыройлы қызмет атқарып келеді. Олар – тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер, байланыс және кадр қызметінің мамандары, қаржыгерлер, учаскелік полиция инспекторлары, арнайы жасақ жауынгерлері және өзге де сала қызметкерлері.

Полиция қатарындағы әрбір қызметкер өзіне жүктелген жауапкершілікті терең сезініп, елдегі заң мен тәртіпті қамтамасыз етуде бірлік пен ынтымақтың айрықша рөлін жақсы түсінеді.

Іс-шараға қатысушы, Ақтөбе облысы полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының аға инспекторы Элнур Исмаилов:

- Мұндай кездесулер мен үшін өте маңызды. Бұл Отанымызға деген мақтаныш сезімін арттырып, патриоттық рухты күшейтеді деп ойлаймын. Елімізде бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруы жолында адал қызмет етуге әрдайым дайынбыз, - деді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру