Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ заңсыз қару айналымына қарсы күресті күшейтті

Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді жалғастыруда, оның ішінде заңсыз айналымдағы қаруды тәркілеу жұмыстары да бар, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленді, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған.

27-29 сәуір аралығында елде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді. Үш күн ішінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

27 сәуір күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

Азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру