Павлодарда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі бақылауда
Павлодарда полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына қатысты рейдтік іс-шаралар өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Статистика көрсеткендей, қала тұрғындарының тәртібі біршама жақсарғанымен, әлі де мінсіз деңгейге жеткен жоқ.
Көрнекі жағдайлардың бірі қаланың ең қарқынды көшелерінің бірінде тіркелді. Тұрғын көлік ағынының алдынан жүгіріп өтпек болып, көз алдында тұрған патрульден де қысылмаған.
— Автобусқа асығып бара жаттым, сондықтан рұқсат етілген жерден емес, ыңғайлы тұстан өтуді жөн көрдім. Кінәмді мойындаймын, — деді құқық бұзушы.
Алайда мұндай шынайылық қайғылы жағдайдың алдын алуға әрдайым кепіл бола бермейді.
Жыл басынан бері өңірде 4224 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Құқық бұзушылықтардың негізгі себептері белгілі, бірақ қауіпті: асығыстық, жалқаулық, жаяу жүргіншілер өткеліне дейін қосымша бірнеше метр жүруге құлықсыздық, құлаққап пен капюшон киіп, айналадағы жағдайды бағаламау, көлік сигналдарын естімеу, өз ептілігіне және жүргізушінің реакциясына шамадан тыс сену.
Құқық қорғау органдары ескертеді: көлік тіпті төмен жылдамдықта да бірден тоқтай алмайды. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту — тек айыппұл ғана емес, өз өміріңді қатерге тігу.
Полиция азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады: үйде сізді жақындарыңыз күтіп отырғанын ұмытпаңыз. Бірнеше секунд үнемдеу мұндай тәуекелге тұрмайды.
