Павлодар облысында полиция сыныптарының алғашқы спорттық турнирі өтті
Павлодар облысында полиция сыныптарының алғашқы спорттық турнирі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысындағы Песчаное ауылы жас патриоттарды бір арнаға тоғыстырған маңызды орталыққа айналды. Мұнда алғаш рет "Заң және тәртіп" акциясы аясында полиция сыныптарының қатысуымен ауқымды волейбол турнирі ұйымдастырылды. Спорттық бәсеке Ұлы Отан соғысының ардагері Мажен Жақыповтың және Отан қорғаушылардың рухына арналды.
Салтанатты шара тағылымды сәттен басталды: батырлардың туыстары, тыл еңбеккерлері және ауыл тұрғындары қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Таңғы тыныштықты салют дауысы бұзып, ел еркіндігі үшін күрескен ерлерге деген терең құрметтің белгісін білдірді.
Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Жандос Орымбаевтың айтуынша, жады мен ерлік – ұрпаққа аманат болатын ортақ тарихтың ажырамас бөлігі.
Спорт алаңында алты команда бақ сынады: "Жас Шекарашы", "Жас Сарбаз-1, Қабанбай батыр атындағы "Жас Сарбаз-2", Қалқаман кентінің "Жас Сарбаз-3", А. Тезекбаев атындағы "Жас Сақшы" және Ф. Қақабаев атындағы "Жас Сақшы".
Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр командаға өз мүмкіндігін толық көрсетуге жағдай жасалды. Ойындар тартысты өтіп, әділ төрелік нәтижесінде жеңімпаз анықталды.
Қорытындысында А. Тезекбаев атындағы "Жас Сақшы" полиция сыныбының тәрбиеленушілері жеңіс тұғырынан көрініп, алтын жүлдені иеленді.
Жеңімпаздар мұндай жарыстардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, командалық рухты нығайтуға және жас буынды тәртіпке баулуға ықпал ететінін атап өтті.
Алғашқы облыстық турнир жас ұрпақтың спортты, тәртіпті және елдік рухты таңдағанын айқын көрсетті.
