БҚО-да ардагерлер үшін ашық есік күні өткізілді
БҚО-да ардагерлер үшін ашық есік күні өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған әлеуметтік және медициналық қолдау шаралары аясында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің емханасы бар госпиталінде ішкі істер органдарының ардагерлеріне арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік көмекті жүйелеу, оның тиімділігін арттыру және медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Шара барысында ардагерлер кешенді медициналық тексеруден өтіп, білікті дәрігерлердің қабылдауында болды.
Мамандар әрбір қатысушыға денсаулық жағдайына байланысты жеке кеңестер беріп, қажетті емдік және профилактикалық ұсынымдар ұсынды.
Мұндай бастамалар ардагерлердің денсаулығын нығайтуға, олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар бұл — ел алдындағы еңбегі үшін көрсетілген құрметтің айқын көрінісі.
